Өз өмірін қатерге тігіп, көмек қолын созуға ұмтылатын жандар қашанда мақтауға тұрарлық. Түрлі оқыс оқиғаларда төнген қауіпке қарамастан, өзгенің өмірін құтқарып қалған азаматтарға айтар алғыс, көрсетілетін құрмет шексіз.

Тараз қаласының әкімі, Бақытжан Орынбеков ағымдағы жылдың 6 наурызы күні газдан уланған бүтін бір отбасыны ажалдан құтқарып қалған №22 орта мектеп мұғалімдері мен тәртіп сақшысын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.