Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының екі тұрғыны алданғандарын айтып шағымданған. Оларға бөгде ер адам сенімдеріне кіріп, жүргізуші куәлігін дайындауға жәрдем көрсету сылтауымен 425 000 және 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын алып, иемденіп кеткен. Алайда жәбірленушілерге уәде етілген қызмет көрсетілмеген, ақша қайтарылмаған.