Маңдайын күн сүйген күнгейде тұрсақ та, өзімізде өсетін алманың тапшылығы байқалып қалады. Нарықта қырғыздың жеміс-жидегінің бәсі жоғары болып тұр. Осы орайда мемлекет алма бағын өсіруге кешенді қолдау көрсетіп келеді. Соның арқасында алқаптар кеңеюде.