Шу аудандық орталық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшысы–2025» атты жастар сыйлығының салтанатты жиыны өтті. Дәстүрлі байқау жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулу, олардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірге белсенді қатысуын арттыру, сондай-ақ дарынды жастарды қолдауды мақсат етеді.