Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтың бірі. Бұл ретте өңірлерде жаңа білім нысандарын салу, қолданыстағы мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Осы орайда, Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова мен Әбутәліп Мүтәлі Тараз қаласындағы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.