Астана қаласында 22–25 желтоқсан аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы «Жас барыс» халықаралық турнирінде Меркілік жас спортшы Темірхан Мансұр жеңіс тұғырынан көрінді. 82 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Дүбірлі додаға Жапония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақстаннан келген жас палуандар қатысып, мықтыларды анықтады.