Тараз қаласында Жаңа жыл мерекесі кең көлемде тойланды. Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрге сай «Көне Тараз» кешенінің алаңына жиналып, мерекелік шараларға куә болды. Бұл аумақта жаңа жылға арналған негізгі бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.