Белсенді ұзақ өмір орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік кеш өтті. Шара барысында қазыналы қарттар өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндер орындап, түрлі танымал фильмдерден алынған көріністерді сахналады. Кештің шымылдығы ескі жылды білдіретін жыланды шығарып салып, жаңа жыл – жылқы жылын қарсы алуға арналған көрініспен ашылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.