Жамбыл аудандық аурухансына 20 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы халықтың талап-тілегін тыңдап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.