Талас ауданына қарасты Майтөбе ауылына табиғи газ берілді. Енді елді мекен тұрғындары алғаш рет көгілдір отынның игілігін көрмек. Бұған дейін от жағып, күл шығарған жұртшылық бұл машақаттан арылады. Елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыру бойынша қолға алынған жобалар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.