Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кездесудің басты тақырыбы – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және өңірдің дамуына азаматтық сектордың рөлін күшейту болды.