Әулиеата өңірінің батысында орналасқан Сарысу ауданының бүгіні берекелі, болашағы баянды. Мұнда Президент Жолдауларының негізінде жүзеге асқан жемісті жобалар сәтті іске асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бүгінгі таңда аймақтағы іргелі өндіріс орындарының бірі – Ресейлік «Еврохим» компаниясы ілкімді істерімен ілгері ұмтылса, «Қазақ содасының» брендке айналатын күні жақын. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауданға барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Артынша жекелей сұрақтарымен қайырылғандарды қабылады.