Таразда 120 орындық әскери казарма ашылды. Казарма «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.