Таразда жас сайлаушылар форумы өтті. 500-ге тарта студент жастар саяси маңызды іс-шара – сайлау жайлы құнды ақпаратқа қанығып, тың мәліметтермен танысты. Сайлау учаскесінің үлгілік көрінісі ұйымдастырылып, сайлау процесінің қалай ұйымдастырылатыны, учаскелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы және сайлаушыларға жасалған жағдайлар көрсетілді.