Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданындағы Өрнек және Жұма ауылдарына таза ауыз су берілді. Ұзындығы 55,2 шақырымды құрайтын су құбыры желісінің іске қосылуы нәтижесінде екі елді мекендегі 2782 тұрғын енді сапалы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілмек.