Биыл елордада шаршы метрі 5 миллионға жуықтайтын тұрғын үй салынды. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі артып, қала бюджетіне 4 триллион теңгеден аса салық түскен. Елорданы дамытудың өзекті мәселелері қаралған жиында мемлекет басшысы осылай деді. Бірақ мұндай көрсеткішке тоқмейілсуге болмайтынын еске салып, Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс деді. Әлеуметтік инфрақұрылымдар қажетті аудандарға салынуы тиіс. Президент шеткері аудандардың да инфрақұрылымын дамытуды назардан тыс қалдырмауды міндеттеді.