Бүгін Таразда ерекше форматта «Жастар балы» ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға облыстың барлық жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студент жастары қатысты. Сондай-ақ, жылдың үздік жастары түрлі аталым бойынша үздік деп танылып, марапатталды.