Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық аудандарда агросаланы дамытуға аса көңіл бөлініп отыр. Шу ауданының шаруалары да ел қатарлы егін және мал шаруашылықтарымен айналысып, аграрлық сектордың ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы үшін өзіндік үлестерін қосып келеді. Осы орайда, жылды ойдағыдай қорытындылаған еңбеккерлер марапатталып, алғыс арқалады.