Биыл ел қамбасына 24 млн тонна дәнді дақыл жиналды. Оның 3 млн тоннадан астамы Жамбыл облысының үлесінде. Күзгі жиын-терім науқанын берекелі аяқтаған аймақ осылайша, ел дамуына өзіндік үлесін қосып отыр. Ата кәсіпті ардақ тұтып, асыраушы саланың алға басуына тынбай тер төккен сала еңбеккерлеріне ҚР Премьер-министрі алғыс білдірді. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған іс-шарада Үкімет басшысының құттықтауын жеткізді. Салтанатты сәтте сондай-ақ, агросала қызметкерлерін марапаттап, көлік кілттері мен арнайы техникаларды табыстады.