Энергетика – ел экономикасының тірегі. Өңір тұрғындарын жарық пен жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған бұл салада мыңдаған маман еңбек етеді. Олар күн мен түнге, ауа райына қарамай жұмыс істейді. Энергетиктердің кәсіби мерекесі – осындай жауапкершілігі жоғары еңбектің бағаланатын күні.