Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысты. ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.