«Мектепте әр сыныпқа бейнебақылау камераларын орнатудың қажеті жоқ». Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге Оқу-ағарту министрі осылай деп нүкте қойды. Жұлдыз Сүлейменова «Бас тақырып» бағдарламасына берген эксклюзив сұхбатында бейнекамераны балалар жиі тәртіп бұзатын мектеп ауласына қою керегін айтты. Қазір еліміздегі біраз мектепте сынып ішіне бейнебақылау орнатылып жатыр. Алайда министр мұндай қадамға барып, ұстаз бен оқушыға қысым көрсетуге қарсы. Министрдің мәліметінше, Қазақстанда бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне арналған 6 заң қабылданды. Сонымен бірге мектептегі буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.