Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру үшін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Онда түрлі бағыт бойынша бірнеше заң жобасын әзірлеу көзделген. Бүгін Астанада Құрылтай секцияларының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды.