Құландағы «Алтын сақа» балабақшасы республика бойынша 100 үздік балабақшалар қатарында. Еліміздегі 100 мектепке дейінгі ұйымда басталған «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасын аталған ұжым сәтті жүзеге асырып отыр. Сондай-ақ, мұнда балақайлар өскенде кім болғысы келетінін де таңдап қойған.