Киелі Әулиеата өңірінен шыққан белгілі жыршы-термешілердің шығармалары енді баспа түрінде қолжетімді. Нақтырақ айтқанда, ел аузында айтылып жүрген ән-жырлардың нота түріндегі нұсқасы басылып шықты. «Әулиеата мақамдары» атты кітаптың жарық көруіне өңірдегі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен жыршы-термешілер, айтыскер ақындар орталығы мұрындық болған.