Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп қабырғасында «Ұстаз мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы сабақтастықты сақтай отырып, ардагер ұстаздардың мол тәжірибесін жас мамандарға жеткізу. Басқосу ұлт руханиятын жаңғырту, педагогикалық дәстүр мен заманауи білім беру үдерісін үйлестіру мәселелеріне арналды.