Талай талантты тәрбиелеген Ваня ағай. Таразда жаттығуды тек қазақ тілінде өткізетін Иван Ильницкий есімді жаттықтырушы тұрады. Жасы алпысты алқымдаса да ол балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып келеді. Бүгінде оның жетекшілігімен 500-ге жуық жасөспірім ала доптың қыр-сырын меңгеруде.