Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, ұлт батыры Бауыржан Момышұлы жайында жария болмаған деректер әлі де бар. Тараз қаласындағы Бауыржантану орталығы батыр өмірінің беймәлім тұстары жайлы тың деректерді табуға тынбай еңбектеніп келеді.

Құрсауланған қиын дәуірде тас шайнап, от бүркіген, еркіндік үшін бұлқынған батырдың ерлігі мен өрлігі елі үшін өшпес өнеге, ұрпаққа ұран. Қазақ халқының қаһарман перзентінің туғанына бүгін тура 115 жыл толды.