Қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті бола түскен кезеңде көпшілік үйіне табиғи емес, жасанды шырша орнатуды жөн көреді. Дегенмен мамандардың айтуынша, жасанды шыршаның экологияға тигізетін зияны анағұрлым жоғары. Ал табиғи шырша жылына небәрі 10–12 сантиметр өсіп, 2 метр биіктікке жетуі үшін шамамен 20 жыл қажет. Кейде бірнеше сағатқа созылатын мереке үшін ағаш кесу тиімсіз деген пікір де айтылады. Ал сіздің таңдау қандай?