Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «World of Skills – 2025: Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі» атты форум өтті. Басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, студенттердің кәсіби шеберлігін көрсету және еңбек нарығының жаңа талаптарына сай құзыретті мамандар даярлау. Форумға білім басқармасына қарасты колледж директорлары, әлеуметтік серіктестер, педагогтер мен студенттер қатысты.