Тараз қаласы әкімінің мерекелік шыршасы өтті. «Сиқырлы жұлдызша» атауымен ұйымдастырылған мерекелік кеште сахна ертегідей безендірілді. Шара барысында балалар мен жасөспірімдер қатысқан би қойылымдары ұсынылып, қуаныш пен шаттыққа толы көңіл күй орнады. Түрлі кейіпкерлердің сахнаға шығуы мерекенің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.