Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ділдәқызы Ахметованың шығармашылығына арналған еске алу поэзия кеші өтті. Рухани кеш барысында ақынның сыршыл лирикасы оқылып, өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жастар мен әдебиетсүйер қауым жиналды.