Жаңа жыл қарсаңында ерекше білімді қажет ететін балалар қамқорлыққа бөленді. Жеке кәсіпкер №32 мектептегі 21 оқушының арманын жүзеге асырып, өздері қалаған құрал- жабдықтарды сыйлады. Керекті нәрселерге қол жеткізген балақайлардың демеушілік көрсетіп, құрмет көрсеткен жомарт жанға алғыстары шексіз.