Байзақ ауданында жаңа жыл қарсаңында «Отбасы банкі» арқылы кезекте тұрған 12 тұрғынға баспана кілті табысталды. Тұрғын үйлердің құрылысы жеке кәсіпкердің жеке қаражатымен салынып, олар республикалық және аудандық бюджет есебінен сатып алынды. Жаңа үйге ие болған отбасыларын аудан әкімі құттықтап, қуанышымен бөлісті.