Балаларға арналған жаңа жылдық кеш Қордай ауданында жалғасын тапты. Мерекелік кеш барысында аудан әкімі балғындарды жаңа жылмен құттықтап, 2025 жылдың аудан үшін де, білім алушылар үшін де жетістіктер мен игі істерге толы берекелі болғанын атап өтті.