Т. Рысқұлов ауданына қарасты Әбжапар ауылында айтулы қуаныш. Астанада өткен халықаралық «Жас барыс» турнирінде топ жарған жерлес балуан Мейірқұл Әлкерейге ауыл тұрғындары айрықша құрмет көрсетті. Ел намысын қорғап, алтынды еншілеген жас спортшыға ауыл халқы ат мінгізіп, салтанатты түрде қарсы алды.