Алматыдан басқа Қазақстанның барлық өңірінде жатақхана тапшылығы мәселесі толықтай шешілді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясатбек Нұрбек осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 4 жылда 70 мың орындық студент үй салынған. Олардың арасында ең ірілері Петропавл мен Астана қаласында бой көтерген. Сондай-ақ соңғы жылдары Президенттің тапсырмасымен жас ғалымдарға 200 пәтер бөлінгенін, биыл оның 100-ден астамы қолданысқа берілген. Одан бөлеК енді жоғары оқу орындарымен бірігіп жоба жасағанр, ғылыми ізденістер жүргізген жеке компанияларға салықтық жеңілдіктер жасалмақ. Ол үшін арнайы заң қабылданған. Астана тұрғындарымен кездесіп, саланы дамыту мәселелері туралы есеп берген министр жуырда Қазақстанда Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттерінің филиалдары ашылатынын да хабарлады.