Байзақ ауданында өткен жылы жұмысын бастаған «Отбасын қолдау» орталығының ашылғанына бір жыл толуына орай «Бір жыл – берекелі белес» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды. Салтанатты шараға аудан басшылығы, ардагерлер, аналар кеңесінің мүшелері, әлеуметтік серіктестер мен сала мамандары қатысып, орталықтың атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.