Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ел экономикасының өсімін атап өтті. Қазақстан экономикасы 6 пайыздан астам өсіп, ішкі жалпы өнім 300 миллиард долларға жеткен. Жан басына шаққандағы табыс 15 мың доллардан асты. Сұхбатта инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму және әлеуметтік мәселелер қозғалды. Жамбылдықтар ел дамуындағы негізгі бағыттарға қатысты пікір білдірді.