«Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты». Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан" газетіне көлемді сұхбат беріп, елдің қазіргі саяси және экономикалық дамуына терең талдау жасады. Президент басты назарды құр цифрларға емес, олардың қоғам өміріне нақты әсеріне аударды. Әр саладағы кемшіліктерді ашық айта отырып, оларды шешудің нақты жолдарын да көрсетті. Сарапшылар Мемлекет басшысының бұл ұстанымын жаңа кезеңнің айқын бағыты деп бағалап отыр.