Меркі ауданындағы №9 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Тәжірибе. Трансформация. Сенімділік» тақырыбында педагогикалық хакатон байқауы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған тың идеяларын ұсынды.