Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Дәстүрге сай, жыл сайын өтетін жылы жүздесуде еркін пікір алмасып, ашық әңгіме айтылды. Аға буынмен ақылдасатын шаруалар да ортаға салынды. Ербол Қарашөкеев алдағы жылы аймақта атқарылатын жоспарларымен бөлісті.