Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында «Ертегіші әжелер» жобасының жылдық қорытындысы өтті. Бұл бастама бүгінде өңірдегі маңызды рухани-әлеуметтік қозғалыстардың біріне айналды. Жоба аясында балалардың бос уақытын пайдалы мазмұнмен толықтырып, ұлттық құндылықтарға баулу басты мақсат.