Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі Шу ауданында жүзеге асты. №10 Шу колледжінде «LOKOMOTIVE SKILLS» облыстық шеберлік байқауы өтті. Кәсіби байқауға Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі мен Шу ауданындағы техникалық білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.