Мойынқұм ауданында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебінде «Жас сақшы» сыныбының оқуылары салтанатты түрде ант қабылдап, қоғамдық тәртіп пен заңға адал болуға серт берді. Тағылымды жиынға полиция қызметкерлері мен білім саласының өкілдері қатысты.