Тәуелсіздік мерекесіне орай Таразда медиа өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері арасында «Достық кубогы» өтті. Жарысқа алты команда қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты кездесулерде жеңімпаздар анықталып, үш ұпайға қол жеткізді. Салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген құлшынысты арттыру шараның негізгі мақсаты. Қортындысында жүлделі бірінші орынды Абырой командасы жеңіп алса, екінші орынға Хибатулла Тарази командасы тұрақтады. Үздік үштікті Әділ командасы түйіндеді. Турнирдің үздік ойыншысы Қуаныш Арыстанбек атанды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қатар, ақшалай сый – сыйапат табыс етілді.