Ұлттық банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясы аясында QAZAQ KÚRESI монеталарын айналымға шығарды. Аты айтып тұрғандай жаңа тиындар қазақ халқының дәстүрлі спортына арналған. Коллекцияға үш түрлі монета кіреді. 1000 теңгелік күміс монета, сондай-ақ 200 теңгелік мельхиор және нейзильбер монеталар. Жалпы таралымы 57 мың дана. Металл ақша еліміздің барлық аумағында заңды төлем құралы ретінде қабылданады. Сатылым 17 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асады.