«Тараз – Қаратау – Жаңатас» теміржол маршруты жұмысын бастады. Енді Қаратау мен Жаңатас тұрғындары облыс орталығына әлдеқайда қолайлы әрі жылдам жетеді. Маршрут өңірдің әлеуметтік-экономикалық байланыстарын нығайтып, тұрғындардың мобильдігін арттырады.