Ел тарихындағы маңызды мереке – Тәуелсіздік. Биыл егемендік алғанымызға 34 жыл толып отыр. Осыған орай Тараздағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументінде салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шара ел тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарға құрмет көрсетуге және егемендіктің маңызын дәріптеуге арналды.