Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Бүгін Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округіне қарасты, Жаңасаз ауылы сапалы ауызсу желісіне қосылды. Игі іс-шараға аудан атқамінерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.